6В01203 Мектепке дейінгі білім беру (IP)
-
-
Дисциплины ЕНТ
-
Академическая мобильность
-
ECTS
-
Пороговый балл
-
Minor
-
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Білім беру бағдарламасының түрі
Инновациялық бағдарлама (IP)
Білім беру бағдарламасының атауы
6В01203 Мектепке дейінгі білім беру
Білім беру саласы
6B01 Педагогикалық ғылымдар
Даярлау бағыты
6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Білім беру бағдарламасының тобы
В002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша топ:
Жетекші университет:
«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ Қатысушы университеттер:
«Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ
«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ
«М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан» КЕАҚ
«Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ
«М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ
Бағдарламаның негіздемесі
Дүниежүзілік банк қолдап отырған білім беруді жаңғырту жобасының аясында жоғары оқу орындары білім алушылардың тұтас дамуын қамтамасыз ететін құзыреттілікке бағдарланған білім беру қағидаттарына сәйкес педагогикалық білім берудің отыз (30) білім беру бағдарламасын халықаралық әріптестікте қайта қарады. Сонымен қатар студенттерге бағдарланған тәсіл Болашақ педагогтар өздерінің сыныптағы жұмысына көшіре алатын, практикалық мысалдар, эксперименттер және тәжірибе ұсыну арқылы оларды мұғалім кәсібіне жақсырақ дайындайды.
Жаңартылған бастауыш және орта білім беру талаптарына сай болу үшін педагогтардың кәсіби құзыреттіліктері қайта бағаланып, толықтырылуы тиіс. Орта білім берудегі жаңа тәсілдер педагогикалық білім беруде, түлектердің бейінінде көрініс табуы керек. Сондай-ақ, (30) жаңартылған немесе жаңа білім беру бағдарламалары болашақ педагогтардың мұғалім кәсібінде маңызды жалпы құзыреттіліктерін тиімдірек жетілдіру мақсатында әзірленді. Инклюзивтілік және пәнаралық сынды қазақстандық білім беру жүйесі дамытуға тырысатын, бірқатар педагогикалық қағидалар назарға алынды. Сонымен қатар, бұл білім беру бағдарламаларында қауымдастық пен бүкіл білім беру секторын дамыту үшін жеке тәжірибесі мен мектептерінің іс жүзіндегі қызметін үнемі талдап, бағалай алатын практик-педагог болатындай болашақ педагогтардың зерттеу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Білім беру бағдарламасының негізгі қағидалары
- Құзыреттілік әдісі;
- Конструктивті (сындарлы) келісім;
- Студенттерге бағдарланған және белсенді оқытуды қолдайтын әдістер;
- Зерттеуге негізделген оқыту;
- Пәнаралық оқыту;
- Инклюзия;
- Педагогтардың кәсіби дамуы және өзгерістерді басқару
Білім беру қызметін жүргізуге берілген лицензия №, күні, айы, жылы
Білім беру бағдарламасы 6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы кадрларды даярлау бағыты бойынша «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті» РММ «28» мамыр 2025 ж. берілген № KZ80LAM00004191 лицензия негізінде іске асырылады.
ҰБТ пәндері
1.Биология
2. География
ҰБШ бойынша деңгейі
Бакалавриат, деңгей 6
Берілетін дәреже
6В01203 Мектепке дейінгі білім беру білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Жалпы академиялық кредит саны
240
Оқу мерзімі
4 жыл
-

