6В01706 — Шетел тілдері (IP)
-
Білім беру
-
-
Дисциплины ЕНТ
-
Академическая мобильность
-
ECTS
-
Пороговый балл
-
Minor
-
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Білім беру бағдарламасының түрі
Инновациялық бағдарлама (IP)
Білім беру бағдарламасының атауы
6В01706 – Шетел тілдері (IP)
Білім беру саласы
6B01 Педагогикалық ғылымдар
Даярлау бағыты
6В017 - Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау
Білім беру бағдарламасының тобы
6В018 - Шет тілі мұғалімдерін даярлау
Білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша топ:
Жетекші университет:
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Қатысушы университеттер:
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Семей қаласы Шәкәрім атындағы университет
Бағдарламаның негіздемесі
Дүниежүзілік банк қолдап отырған білім беруді жаңғырту жобасының аясында жоғары оқу орындары болашақ мұғалімдердің тұтас дамуын қамтамасыз ететін құзыреттілікке бағдарланған білім беру қағидаттарына сәйкес педагогикалық білім берудің отыз (30) білім беру бағдарламасын халықаралық әріптестікте қайта қарады. Сонымен қатар болашақ мұғалімдерге бағдарланған тәсіл Болашақ мұғалімдер өздерінің сыныптағы жұмысына көшіре алатын, практикалық мысалдар, эксперименттер және тәжірибе ұсыну арқылы оларды мұғалім кәсібіне жақсырақ дайындайды.
Жаңартылған бастауыш және орта білім беру талаптарына сай болу үшін педагогтардың кәсіби құзыреттіліктері қайта бағаланып, толықтырылуы тиіс. Орта білім берудегі жаңа тәсілдер педагогикалық білім беруде, түлектердің бейінінде көрініс табуы керек. Сондай-ақ, (30) жаңартылған немесе жаңа білім беру бағдарламалары болашақ мұғалімдердің мұғалім кәсібінде маңызды жалпы құзыреттіліктерін тиімдірек жетілдіру мақсатында әзірленді. Инклюзивтілік және пәнаралық сынды қазақстандық білім беру жүйесі дамытуға тырысатын, бірқатар педагогикалық қағидалар назарға алынды. Сонымен қатар, бұл білім беру бағдарламаларында қауымдастық пен бүкіл білім беру секторын дамыту үшін жеке тәжірибесі мен мектептерінің іс жүзіндегі қызметін үнемі талдап, бағалай алатын практик-педагог
болатындай болашақ мұғалімдердің зерттеу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Білім беру бағдарламасының негізгі қағидалары
Құзыреттілікке негізделген педагогикалық білім беру:
Педагогтың құзыреттілігі педагогика саласындағы және оның пәндік саласындағы құзіреттілігін әр түрлі қызмет жағдайында оқытудың теориялық және практикалық құзыреттілігімен біріктіреді. Мұғалім өз пәніне қажетті білім мен дағдыға ие, сондықтан бір пәнді оқитын жастар мен ересектерге білім беріп, бағыт-бағдар бере алады.
Мұғалімнің құзыреттілігі жоспарлауға, бағыттауға, оқытуға және бағалауға бағытталған. Сондықтан мұғалімнің оқыту және құзыреттіліктерін дамыту бойынша жеткілікті теориялық білімі болуы керек. Сонымен қатар, бүгінгі еңбек ету саласында ынтымақтастық пен байланыс құруға, дағдыларды дамытуға, өзінің және айналасындағылардың әл-ауқатын қолдау мен сақтауға баса назар аударылады.
Мұғалімнің құзыреттілігіне еңбек нарығындағы, білім беру құрылымындағы, жалпы қоғамдағы өзгерістер әсер етеді; осы элементтердің барлығы мұғалім жұмысының қарқынды сипатын көрсетеді. Жұмыс жағдайында болатын түрлі құбылмалы өзгерістер мұғалімнің өз қызметін бағалай алу мен реттей алу қабілетіне көңіл аудартады. Өзін-өзі бағалау дағдысы кәсіби
тұлғаны дамытудың маңызды бөлігі болып табылады. Мұғалімдер
үнемі құндылықтарға негізделген шешімдер қабылдайды, бұл кәсіби этика мәселелерін қарастыру қажетті кәсіби дағдылардың бірі екенін білдіреді. Өзгерістер сарапшылық білімді дамытуды, үйрену қабілетін, сондай-ақ реформалау және қоғамдағы жұмыс істеу әдістерін жаңартып отыруды талап етеді.
Құзыреттілікке негізделген педагогикалық білім беру бағдарламасы.
Құзыреттілікке негізделген педагогикалық білім беру бағдарламасы үш бөліктен тұрады:
- педагогикалық компонент, 2) пәндік компонент, 3) міндетті компонент. Бұл құрылымдардың әрқайсысы модульдер мен тиісті курстардан құралады. Курстардың оқыту нәтижесі оқыту жұмысында қажетті құзыреттіліктерді сипаттайды және ҰБШ (ұлттық біліктілік шеңбері) жүйесінің алтыншы деңгейіне жатады. Білім беру бағдарламасы келесі негізгі қағидаларға негізделеді:
- Құзыреттілік әдісі;
- Конструктивті (сындарлы) келісім;
- Студенттерге бағдарланған және белсенді оқытуды қолдайтын әдістер;
- Зерттеуге негізделген оқыту;
- Пәнаралық оқыту;
- Инклюзия;
Педагогтардың кәсіби дамуы және өзгерістерді басқару;
Білім беру қызметін жүргізуге берілген лицензия №, күні, айы, жылы
Білім беру бағдарламасы 6В018 - Шет тілі мұғалімдерін даярлау кадрларды даярлау бағыты бойынша «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті» РММ «28» мамыр 2025 ж. берілген № KZ80LAM00004191 лицензия негізінде
іске асырылады.
ҰБТ пәндері
- Шетел тілі
- Дүниежүзі тарихы
ҰБШ бойынша деңгейі
Бакалавриат, деңгей 6
Берілетін дәреже
6В01706 – Шетел тілдері білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Жалпы академиялық кредит саны
240
Оқу мерзімі
4 жыл
- педагогикалық компонент, 2) пәндік компонент, 3) міндетті компонент. Бұл құрылымдардың әрқайсысы модульдер мен тиісті курстардан құралады. Курстардың оқыту нәтижесі оқыту жұмысында қажетті құзыреттіліктерді сипаттайды және ҰБШ (ұлттық біліктілік шеңбері) жүйесінің алтыншы деңгейіне жатады. Білім беру бағдарламасы келесі негізгі қағидаларға негізделеді:
-

