Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенді студенттері мен студенттік кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен «Таза Бейсенбі» акциясы өтті



    •  Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенді студенттері мен студенттік кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен «Таза Бейсенбі» акциясы өтті

      «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында QyzPU Жастар саясаты орталығына қарасты Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенді студенттері мен студенттік кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен «Таза Бейсенбі» акциясы өтті.

      Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және студенттердің азаматтық белсенділігін арттыру. Әлеуметтік даму және студенттер істері жөніндегі проректор Жуманкулова Еркін Нұрсағатқызы бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, студенттермен бірге акцияны қолдады.

                                                     

       Іс-шара барысында университеттің №1 оқу ғимараты, Бас оқу ғимараты және жатақханалар маңы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

                                                     

      «Таза Қазақстан» – 2024 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған, қоршаған ортаны абаттандыруға және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды республикалық акция. Сонымен қатар, бұл жоба БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды және экологиялық тепе-теңдікті сақтауды көздейді.

                                                     

      Бөлісу: