Халықаралық білім алу тәжірибесі бойынша кездесу
-
03 сәуір, 2026
![Халықаралық білім алу тәжірибесі бойынша кездесу]()
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Opportunity without borders» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара Healthy Life ұйымы мен IDP IELTS Kazakhstan командасының бірлесуімен ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты – студенттерге халықаралық білім беру бағдарламаларын таныстыру, IELTS және SAT халықаралық емтихандарына дайындалудың тиімді стратегияларын меңгерту.

Іс-шарада IELTS және SAT маманы Аманова Әсемай Отабекқызы жоғары балл жинау стратегиялары мен әлемнің үздік университеттеріне түсу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ Yonsei University түлегі Әукен Арман «Білім-инновация» лицейінен халықаралық университетке дейінгі академиялық жолындағы тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу барысында қатысушылар халықаралық білім беру мүмкіндіктері, IELTS және SAT емтихандарына дайындық, сондай-ақ шетелдік университеттерге түсу жолдары туралы жан-жақты ақпарат алды.
Бөлісу:


