«AI-ПЕДАГОГ 2026» республикалық конкурсы өз мәресіне жетті
-
03 сәуір, 2026
![«AI-ПЕДАГОГ 2026» республикалық конкурсы өз мәресіне жетті]()
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Физика-математика және цифрлық технологиялар институты, Информатика кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «AI-ПЕДАГОГ 2026» республикалық конкурсы салтанатты түрде қорытындыланды.
Конкурстың басты мақсаты – болашақ педагогтердің заманауи педагогикалық ойлау жүйесін қалыптастыру, пәндік-әдістемелік мәдениетін арттыру және оқу үдерісінде жасанды интеллект құралдарын кәсіби деңгейде қолдану қабілетін жан-жақты дамыту.

Интеллектуалды дода барысында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас мамандар мен QyzPU түлектері білім беру үдерісіне жасанды интеллект құралдарын енгізудің тың тәсілдерін көрсетті.

Конкурстың жеңімпаздары:
- I орын: «Мұхтар Әуезов атындағы №128 ЖББ мектеп» КММ, Информатика пәнінің мұғалімі – Қозайдарова Айшабибі Тастанқызы
- II орын: «Алматы автомобиль және сән индустриясы колледжі» МКҚК, Информатика пәнінің мұғалімі – Атагельдиева Мадина Бериковна; «Сарыөзек орта мектебі» Физика пәнінің мұғалімі – Утебаева Ардак Аскаровна
- III орын: «Абай ұлттық мектебі» РММ, Математика пәнінің мұғалімі – Мұстафа Ақмарал Махмұтқызы;
- «Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектеп» КММ, Информатика пәнінің мұғалімі – Жұмабекова Жаннұр Жаныбекқызы;
- «№65 мектеп-гимназия» КММ, Физика пәнінің мұғалімі– Көпейсін Аяна Сәрсенбайқызы
Бөлісу:


