«Өрлеу» орталығының сарапшысы QyzPU студенттерімен кездесті»



    • «Өрлеу» орталығының сарапшысы QyzPU студенттерімен кездесті»

      Жаратылыстану институты, Биология кафедрасының ұйымдастыруымен «Сапалы білім, адал ғылым және патриоттық сана – ел экономикасын дамытудың стратегиялық негізі» атты кездесу өтті.

      Кездесудің мақсаты – студенттерге сапалы білім мен адал ғылымның мемлекет дамуындағы рөлін түсіндіру, педагог мәртебесі мен кәсіби шеберлікті арттырудың маңыздылығын насихаттау.

                                                      

      Іс-шара аясында Қожамжарова Латифа Сейдахметқызы, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жамбыл облысы бойынша филиал директоры құрметті қонақ ретінде мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті. 

                                                     

      Спикер білім беру жүйесінің қазіргі даму тенденциялары, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сапалы білім беру мен ғылыми адалдықтың маңыздылығы туралы баяндама жасады. Білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, пікір алмасу еркін форматта өтті.

      Бөлісу: