XIV Республикалық ғылыми-практикалық конференция



    •  XIV Республикалық ғылыми-практикалық конференция

      Құрметті студенттер!

      QyzPU-да «Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында»  XIV Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

       Конференцияның мақсаты – білім беру саласындағы жасанды интеллект мүмкіндіктерін талқылау, ғылыми тәжірибе алмасу, сондай-ақ жас зерттеушілер мен тәжірибелі ғалымдар арасында кәсіби байланыс орнату.

       Конференция 3 секциядан тұрады:

      • I секция. Білім берудегі жасанды интеллект: инновациялық әдістер мен цифрлық трансформация.
      • II секция. Жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісіндегі жасанды интеллект: озық әдістер мен цифрлық өзгерістер.
      • III секция. Пәнаралық және STEM білім берудегі жасанды интеллект: заманауи әдістер мен цифрлық өзгерістер

      Конференцияға студент, магистран және докторанттар қатыса алады және  материалдар электронды жинақ ретінде жарияланады.

      Мақалаларды 17 сәуір 2026 жылға дейін mathematika1192025@gmail.com  почтасына жіберу қажет.

      Өтетін күні: 22 сәуір, 2026 жыл

      Мекенжайы:  Гоголь көшесі 114

      Бөлісу: